Заң бойынша қазақстандықтар шетел азаматтарына донор бола ала ма

АСТАНА. KAZINFORM — Еліміздің заңнамасына сәйкес, қазақстандық азаматтардың донорлық ағзалары мен тіндері шетел азаматтарына трансплантацияланбайды.

Фото: ДСм

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Трансплантаттау және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы директорының орынбасары Назгүл Жылгелдина мәлімдеді.

Оның айтуынша, қолданыстағы заңнамада қазақстандықтардың ағзалары мен тіндерін шетел азаматтарына трансплантациялауға жол берілмейді.

— Заңнамаға сәйкес, Қазақстан азаматы шетел азаматына тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де донор бола алмайды, яғни қазақстандықтардың донорлық ағзалары мен тіндері шетел азаматтарына трансплантацияланбайды, — деді Назгүл Жылгелдина.

Еске салайық, елімізде донорлық ағзаға мұқтаж 4739 адам трансплантация кезегінде тұр. Олардың 125-і — балалар.