«Бізде Жол жүрісі туралы заңда да, жол қозғалысы ережелерінде де «самокат» ұғымы жоқ. Сондықтан, биыл Сауда және интеграция министрлігі «Электр самокаты» ұғымының стандартын әзірлеуді аяқтады. Енді осы стандарт негізінде біз Жол жүрісі туралы заңға және жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгіземіз. Осыдан кейін әкімшілік шаралар қолданылады. Қазіргі уақытта самокатшылар көлік құралының жүргізушілері ретінде емес, «жол қозғалысының басқа қатысушылары» ретінде ғана жауапқа тартылады», – деді Ж. Мұратәлиев орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Сонымен бірге, спикер велосипедшілер де самокатшылар секілді қаралатынын, ереже бұзған жағдайда айыппұл салынған жаяу жүргіншілер статистикасына «қозғалыстың басқа қатысушылары» ретінде саналатынын айтты.
Жыл басынан бері ереже бұзған 216 мың адам осындай тізімге енген.