АСТАНА. KAZINFORM – 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында ITF Juniors әлемдік рейтингісіндегі жағдайын жақсартты.
Аустралия ашық чемпионатында жасөспірімдер арасында қазақстандықтардан алғаш рет жартылай финалға шыққан З.Нұрланұлы рейтингіде 12-ден 9-орынға көтерілді.
Осылайша, Заңғар әлемдегі үздік 10 теннисшінің қатарына кірді.
Өткен жылы Заңғар Нұрланұлы АҚШ ашық чемпионатының да жартылай финалына дейін жеткен болатын. Жасөспірімдер арасында екі рет «Үлкен дулыға» турнирінің жартылай финалына Қазақстаннан басқа ешкім шыққан емес.
Сөйтіп, WTA, ATP және ITF Juniors рейтингісінде Қазақстанның үш бірдей өкілі ТОП-10-ға енді.
Елена Рыбакина үшінші, Александр Бублик 10-ыншы, ал Заңғар 9-сатыда тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Карлос Алькарастың барлық «Үлкен дулыға» турнирін ұтқан ең жас теннисші атанғанын жазған едік.
Сондай-ақ қазақстандық теннисшілер Аустралиядағы турнирден кейін рейтингідегі орындарын жақсартты.
Елена Рыбакина қысқа мерзімде табыс табу жөнінен рекорд орнатты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).