Заңғар Нұрланұлы Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы Германияның Оффенбах қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан супер санаттағы ITF Juniors J500 турнирінің ширек финалына жолдама адды.

Фото: ҚТФ

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Заңғар үшінші айналымда Латвия өкілі, жасөспірімдер рейтингісінде 50-орында тұрған Рихардс Нейманистан айласын асырды.

Екі сағатқа созылған тартысты бәсекеде жасөспірімдер арасында әлемнің 7-ракеткасы З.Нұрланұлы 6:3, 7:6 (8:6) есебімен жеңіске жетті.

Өзара кездесуде есеп - 3:0, қазақстандық теннисшінің пайдасында.

Заңғар Нұрланұлы жартылай финалға шығу үшін испаниялық Тито Чавеспен (24 ITF Juniors) таласады. Матч 8 мамыр күні өтеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Шевченконың Рим мастерс турнирінде азулы қарсыласын ұтқанын жазған едік.

Сондай-ақ Рим турнирінде Елена Рыбакинаның қашан ойнайтыны белгілі болды.