Заңның жекелеген бабына немесе ережесіне дау айтуға бола ма

АСТАНА. KAZINFORM — Конституциялық Сот азаматтардың қандай жағдайда нормативтік құқықтық актілердің нормаларына дау айта алатынын түсіндірді.

Фото: Конституциялық сот

— Азаматтар өздерінің конституциялық құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты болса, нормативтік құқықтық актінің жекелеген бабына немесе ережесіне дау айта алады. Алайда Конституциялық Сотқа өтініш беру үшін заңда белгіленген талаптар сақталуы тиіс. Яғни азамат кез келген заңға қатысты шағым түсіре алмайды. Дау туғызған норма оның конституциялық құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты болуы керек, — делінген ведомствоның жауабында.

Сонымен қатар өтініш Конституциялық Сотқа жүгінудің заңда көзделген талаптарына сай болуы қажет.

Бұған дейін 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдарын іске асыру нәтижесінде 917 азаматтың құқығы қалпына келтірілгенін жазған болатынбыз.

Бұдан бөлек Конституциялық Сот жер дауларына қатысты Жоғарғы Сот қаулысын тексеретіні белгілі болды.