— ҚР ҰҚК Шекара қызметі заңсыз көші‑қонға қарсы ұдайы негізде жедел‑іздестіру іс‑шаралары кешенін іске асырады. 2026 жылғы маусым айында Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарында Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған 15 шетел азаматы ұсталды. Жалпы алғанда, жыл басынан бері 100 құқық бұзушы ұсталып, заңсыз көші‑қонның 25 арнасы жойылды. Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 392‑бабы бойынша 178 қылмыстық іс қозғалды, — делінген хабарламада.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге және мұндай әрекеттерге жәрдемдесуге қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады, сондай‑ақ азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Бұған дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлердің жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұржан Әжібаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын растады.