АСТАНА. ҚазАқпарат - 19-23 мамыр аралығында «Заңсыз келуші-2014» операциясының бірінші кезеңі өткізіліп, оның барысында Қазақстан Республикасына келудің белгіленген тәртібін бұзған 13062 шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғалар, оның ішінде - 543 алыс шетел және 12519 ТМД-нің азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Сот шешімімен елімізден 618 шетелдік шығарылды, оның ішінде - 35-і алыс шет елдерден және ТМД-дан - 583 адам. Азаматтың тұлғасын анықтау мақсатында қабылдау-тарату орындарына 1377 адам орналастырылды», делінген ҚР ІІМ мәліметінде.
Шетел жұмыс күшін тарту және пайдалану ережесін бұзғаны үшін 402 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар Іздеуде жүрген 93 адам ұсталды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 60 қылмыстық іс қозғалды.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.