ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қала тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
«STOP-ойын» жедел іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында анықталды заңсыз бизнес анықталды. Ақтөбе мен Хромтау қалаларында орналасқан үш мекенжайда букмекерлік кеңсенің атын жамылған заңсыз ойын мекемелері қызметінің жолы кесілді. Ақтөбе қаласы №2 сотының үкімімен қала тұрғыны Қылмыстық кодекстің «Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 500 АЕК айыппұл салынды. Тәркіленген заттай айғақтар мемлекет кірісіне аударылды», - деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.