Көліктегі ІІД көші-қон полициясының бөлімі жарты жылдың ішінде заңсыз көші-қон арналарын жабу үшін «Мигрант», «Тәртіп сақшысы», «Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізді.
Көші-қон полициясы басқармасының бастығы Ғани Шымырбаев атап өткендей, 1 526 әкімшілік жауапқа тартылып, соның ішінде елде болу ережесін 1293 шетелдік, атап айтқанда 1247 ТМД, 46 алыс шетел азаматы бұзған.
Соттың үкімімен 197 шетелдік елден қуылған.