Занзибардағы өрт: қонақ үйлерге зақым келіп, туристер төлқұжатын жоғалтты

АСТАНА. KAZINFORM — Занзибардың Нунгви туристік аймағында болған ірі өрт алты қонақ үйге әсер етті. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, өрт 40 дүкенді қиратып, кейбір туристер төлқұжатын жоғалтқан.

Фото: видеодан алынған скрин

21 қарашада Унгуджа аралының солтүстік жағалауындағы Нунгви ауданында өрт шықты.

Tanzania Times газетінің хабарлауынша, өрт туристік қонақ үйлерге, кәдесый дүкендеріне және мейрамханаларға таралған. Зақымдалған нысандар қатарында Nungwi Inn, Baobab Sandies Beach және Makofi Zanzibar бар.

Фото: citizen.co.za

Mwananchi 22 қарашадағы жазбасында хабарлағандай, өрт 40 дүкенді де қиратты. Кейбір туристер төлқұжаттарын жоғалтты.

Занзибар туризм комиссиясы қонақ үй иелерін қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды. Билік тұрғылықты жері жоқ туристер үшін уақытша баспаналар ұйымдастырды.

Бұған дейін Таиландтағы танымал курортта өрт шығып, 11 адам қаза тапқанын жазған едік.