Түркия Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар агенттігінің (AFAD) таратқан дерегінше, жер сілкінісінің ошағы Мугла провинциясының Мармарис ауданынан 10,43 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі – 67,91 шақырым.
Мугла губернаторы Идрис Акбыйыктың хабарлауынша, зілзаладан кейін биіктен үреймен секірген 34 адам жарақат алған. Ол сондай-ақ оқиға салдарынан Мармаристегі екі ғимаратта жарық пайда болғанын атап өтті.
Бұған дейін Түркияның шығыс бөлігінде 4,9 магнитудалық жер сілкінісі болғанын жазған болатынбыз.