Турнирдің алғашқы матчында 25 жастағы спортшы қатарласы, АҚШ өкілі Джессика Пегуламен кездесті. 54 минутқа созылған кездесуде америкалық теннисші 6:1, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Зарина мен Джессика WTA рейтингінде 94-ші және 93-ші орындарды иелеп тұрғанына қарамастан, бұған дейін олардың жолы түйіспеген.
Енді Пегула украиналық Леся Цуренкомен күш сынасады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Индиан-Уэллс (АҚШ) турнирін жеңіспен бастағанын хабарлаған едік.