Зарина Дияс Аустралия ашық чемпионатына жолдама алды

Фото: Зарина Диястың желідегі парақшасынан

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 283-ракеткасы Зарина Дияс Чэнду (Қытай) қаласында өткен Аустралия ашық чемпионатына Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстандық спортшы финалда тайбэйлік Лян Эньшуомен шеберлік байқасты.

Екі сет те 6:3, 6:4 есебімен Заринаның пайдасына шешілді.

Осылайша, З.Дияс 2026 жылғы алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Аустралия ашық чемпионатына жолдама алды. 

Зарина Дияс спорттық жолында Мельбурнде 2014, 2015, 2020 және 2021 жылы үшінші айналымға дейін жеткен еді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің Пәкістандағы жарыстың жартылай финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Зарина Дияс Қытайдағы арнайы турнирдің финалына шықты.

Әмір Омархаеов Тунистегі турнирде қарсыласын ойсырата ұтып, жартылай финалға өтті.