Зарина Дияс Португалиядағы жарыстың жартылай финалына өтті
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 269-ракеткасы Зарина Дияс Фигера-да-Фош (Португалия) ITF W100 турнирінің жартылай финалына шықты.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 239-ракеткасы, португалиялық Франсишка Жоржемен ойнады.
Зарина бірінші партияда 6:3 есебімен басымдылық танытты.
Екінші сетте қарсыласына бір ғана гейм берді — 6:1.
Бәсеке 1 сағат 13 минутқа созылды.
Зарина Дияс финалға шығу үшін әлемнің 167-ракеткасы, таиландтық Ланлана Тараруди немесе рейтингіде 264-орындағы ресейлік Мария Тимофееваның қай жеңгенімен таласады.
Жарақатына байланысты екі жылдық үзілістен кейін кортқа өткен жылы оралған Зарина Дияс қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 261-орынға көтеріліп тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын 17 жастағы Әмір Омархановтың алғаш рет Қазақстан чемпионатының финалына өткенін жазған едік.