Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оны Интерпол желісі бойынша халықаралық ынтымақтастық аясында Германия құқық қорғау органдары қамауға алды.
— ҚР ІІМ Интерпол ҰҚБ-ның сұрауы бойынша Фюрт қаласында халықаралық іздеуде жүрген азамат Д. ұсталды. Іздеудегі тұлғаны неміс құқық қорғау органдары Интерпол желісі бойынша халықаралық ынтымақтастық аясында анықтап, қамауға алды, — деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Ведомство жазадан бұлтармауды қамтамасыз ету үшін шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен белсенді өзара іс-қимыл жалғасып жатқаны атап өтілді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокурорына іздеу салынғанын жазғанбыз.