Ақмола облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, апат бүгін наурыздың 28-де болған.
«Апаттың салдарынан 466 абонент жылусыз қалды. Бүгін кешке дейін абоненттер жылу қазандығына қосылады. Қазір кезде мамандар апаттың себептерін анықтап жатыр. Жылу құбырының құлаған учаскесін қалпына келтіру жұмыстары мердігер ұйыммен шарттық міндеттемелер шеңберінде жүргізіледі. Мәселе жергілікті атқарушы органдардың бақылауында. Әлеуметтік нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, Көкшетауда Қопа көлінен мина табылған еді.