Зейнеп Баянова Аичи-Нагояда жартылай финалға жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық балуан Зейнеп Баянова Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында әйелдер күресінен 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Ширек финалда отандасымыз Оңтүстік Корея өкілі Миран Чхонмен белдесіп, 7:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ол финалға шығу мүмкіндігін сақтап қалды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан атынан 76 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Эльмира Сыздықова мен 125 келіге дейінгі салмақта белдесетін Едіге Қасымбек те Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алған болатын.

Бұған дейін виртуалды таеквондодан Рита Бакишева Азиаданың қола жүлдегері атанғанын жазғанбыз.