Виртуалды таеквондодан Рита Бакишева Азиаданың қола жүлдегері атанды
АСТАНА. KAZINFORM - Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында виртуальды таеквондодан жарыс өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз жартылай финалда Филиппин спортшысы Жеус Габриель Дерик Япеге (Филиппин) 0:2 есебімен жол берді. Нәтижесінде Рита Бакишева қола жүлдеге ие болды.
Ол бұған дейін алғашқы айналымда Мохаммад Аладарбиді (Иордания) 2:0 есебімен жеңсе, 1/4 финалда Үндістан өкілі Кашиш Маликтен 2:1 есебімен айласын асырған еді.
Айта кетейік, Рита Бакишева бүгін 49 келіде де ел намысын қорғайды.
Осыған дейін күрестен Зейнеп Баянова мен Едіге Қасымбектің Азиаданың ширек финалына өткені туралы жаздық.