Күрестен Зейнеп Баянова мен Едіге Қасымбек Азиаданың ширек финалына өтті
АСТАНА. KAZINFORM - Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында күрес түрлерінен жарыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
50 келідегі Зейнеп Баянова 1/8 финалда Моңғолия балуаны Мунхнар Биамбасуренмен тартысты белдесу өткізіп, 8:4 есебімен басым түсті.
Ерлер арасында 125 келіде танылып үлгерген Едіге Қасымбек Үндістан өкілі Ражат Рухалдан 8:3 есебімен басым түсті.
Өкінішке қарай, 86 келіде фавориттердің бірі саналған Азамат Дәулетбеков жарыс қожайыны Хайато Ишигуроға 2:4 есебімен жол берді.
Алда әлі 65 келідегі Начын Куулар мен 76 келіде Эльмира Сыздықова жарыс жолын бастайды.
Осыған дейін Рита Бакишеваның виртуалды таеквондодан жартылай финалға шыққанын жаздық.