Азиада – 2026: Рита Бакишева виртуалды таеквондодан жартылай финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында виртуальды таеквондодан жарыс басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Таэквондо бўйича Осиё чемпионати
Фото: ҰОК

Отандасымыз Рита Бакишева алғашқы айналымда Иордания спортшысы Мохаммад Аладарбиді 2:0 есебімен жеңсе, 1/4 финалда Үндістан өкілі Кашиш Маликтен 2:1 есебімен айласын асырды.

Осыған дейін 2 қазанда қазақстандық спортшылардың қай спорт түрлерінен сынға түсетінін жаздық.