50 келідегі Зейнеп Баянова 3-орын үшін өткен белдесуде Үндістан балуаны Дипаншидың жауырынын жерге тигізіп, таза жеңді.
Бүгінгі жарыс күнінде 23 жастағы жерлесіміз Мунхар Биамбасуренді (Моңғолия) 8:4 есебімен, Миран Чеонды (Оңтүстік Корея) 7:3 есебімен жеңіп, жартылай финалда басты фаворит саналған Юи Сусакиге (Жапония) 0:4 есебімен жол берген болатын.
Осыған дейін Қазақстандық еркін күрес шебері Едіге Қасымбек Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.