Балуан Едіге Қасымбек Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық еркін күрес шебері Едіге Қасымбек Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.

Едіге Қасымбек
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Үшінші орын үшін өткен белдесуде отандасымыз Түрікменстан балуаны Зымамухаммет Сапаровпен кездесті. Едіге қарсыласынан басым түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді.

ҚР ҰОК мәліметінше, бұған дейін Начын Куулaр да қола медаль иеленген.

Қазақстандық теннисшілер Анна Данилина мен Юлия Путинцева жұптық сында Азия ойындарының жүлдесіне іліккенін жазған едік.

Батырхан Төлеуғали Азиада-2026 ойындарының қола жүлдегері атанды.

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан таеквондодан тарихи нәтижеге қол жеткізді.