Батырхан Төлеуғали Азиада-2026 ойындарының қола жүлдегері атанды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында отандасымыз Қытайлық Тайбэй өкілі Хун Цзюнь-имен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша қарсыласы 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Батырхан Төлеуғали жарысты жартылай финалда аяқтап, Азиаданың қола жүлдегері атанды.
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан таеквондодан тарихи нәтижеге қол жеткізгенін жазған едік.
Ерлер арасында 58 кг дейінгі салмақтың финалында отандасымыз Темірлан Тілеулес финалда Курт Брайан Барбозамен күш сынасты. Тартысты жекпе-жекте отандасымыз жеңіске жетіп, қазақтан шыққан тұңғыш Азиада жеңімпазы атанды.