Зейнеп Баянова мен Нилуфар Раимова күрестен әлем чемпионатының финалына шығу үшін күреседі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық балуандар Нилуфар Раимова мен Зейнеп Баянова әйелдер күресінен Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалын сәтті өткізді.

Фото: ҚР ҰОК

Зейнеп Баянова 50 келіге дейінгі салмақта моңғолиялық Отгонжаргал Долгоржавпен күресіп, 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Ал Нилуфар Раимова 57 келіге дейінгі салмақта Украина балуаны Александра Хоменецті 12:6 есебімен сенімді түрде жеңді.

ҚР ҰОК мәліметінше, осылайша қос балуан әлем чемпионатының финалына шығу үшін бақ сынайды.

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Гүлмарал Еркебаева елордада өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында сәтті өнер көрсеткенін жазған едік.

Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі.