Күрестен әлем чемпионаты: Гүлмарал Еркебаева ширек финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Гүлмарал Еркебаева елордада өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында сәтті өнер көрсетті.

Күрестен Астанадағы әлем чемпионаты: Гүлмарал Еркебаева ширек финалға шықты
Фото: ҚР ҰОК

Отандасымыз 76 келіге дейінгі салмақта Франция балуаны Кендра Дашермен жолықты.

Нәтижесінде Гүлмарал қарсыласын 7:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін Зейнеп Баянова (50 келі), Нилуфар Раимова (57 келі) және Бейбіт Сейдуәлі (65 келі) ширек финалға өткен еді.

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Бағдат Сабаз Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.