Зейнолла Ыдырысов Challenge Cup кезеңінде күміс жүлдеге ие болды

АСТАНА. KAZINFORM – Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі мәресіне жетті.

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижені Зейнолла Ыдырысов көрсетті. Спортшы ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ Нариман Курбанов пен Роман Маменов те турнирдің финалына шықты.

ҚР ҰОК мәліметінше, Курбанов ат снарядындағы жаттығуда жетінші орынға тұрақтаса, Маменов қол тіреп секіру бағдарламасында алтыншы нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, маусым айында Қытайдың Цзуньи қаласында Азия чемпионаты өтеді.

Моңғолиядағы халықаралық турнирге қатысатын қазақстандық балуандар анықталғанын жазған едік.

Бибісара Асаубаева Norway Chess Women-де тағы көшбасшы болды.