Жабайы табиғатты түсіретін фотограф басын қатерге тігіп, қыран құсты батпақтан шығарды (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшаның Свиноуйсьце қаласы маңында жыртқыш құс батпаққа батып қалған.

Ержүрек фотограф қыран құсты құтқару үшін тұтқыр батпақтың ортасына барады және құсты құшақтаған күйі жағаға жетуге тырысады. Құтқарылған құсты қалаға әкеліп, балшығын жуған. Фотографтың бұл ерлігі квадрокоптердің көмегімен видеоға түсірілген.