Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролига ойындарына қатысады

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Бұл ойындар 25-27 шілде күндері Италияның Кастелламмаре ди Стабиа қаласында өтеді.

Еуролига аясында (EBSL 2025 – Euro Beach Soccer League) Қазақстан құрамасы В дивизионында Румыния, Норвегия және Мальтамен кездеседі. Жарыс алдында ұлттық құрама 20-24 шілде аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Дастамиден Дагиев («Арман»), Дмитрий Бровко («Barqy»);

Қорғаушылар: Игорь Демешко, Михаил Кайзер (екеуі де – «Арман»), Әбдіқадыр Құрбанов («Омега»), Нұрдәулет Болатбек («Малайсары»);

Шабуылшылар: Айдын Маликов («Малайсары»), Артур Деринг, Нұрлан Жүнәсов (екеуі де – TK B&A), Арман Шотанов («Barqy»), Владислав Шевчук, Алан Мыңбаев (екеуі де – «Арман»);

Ұлттық құраманың аға бапкері міндетін Артем Ерохнович атқарады.

Ойын кестесі:

25 шілде. 15:30: Қазақстан – Румыния

26 шілде. 14:15: Норвегия – Қазақстан

27 шілде. 14:15: Мальта – Қазақстан

Барлық ойын BSWW TV платформасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасы былтыр Еуролиганың топ-дивизионына өтті.