Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролиганың топ-дивизионына өтті

Молдова астанасы Кишиневте Болат Әленов жаттықтыратын қазақстандықтар өз тобында соңғы матчта Грекия құрамасымен шеберлік байқасты.
Алдымен 13-минутта Грекия сапынан Скоуртас есеп ашты. 29-минутта Роман Богданов таразы басын теңестірді. Он минуттан кейін Катсоулис грекиялықтарды қайта алға шығарды. Дегенмен 42-минутта Станислав Макагон мергендік танытты – 2:2.
Ойыннан кейінгі пенальти сериясында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті – 4:3.
Осылайша, Б.Әленовтің шәкірттері алдағы жылы Еуролиганың «А» дивизионында ойнауға жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының жағажай футболынан Еуролига-2022 турнирін ірі жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.
Қазақстан құрамасы екінші рет жеңіске жетті.
Сондай-ақ «Қызылжар» - «Ақжайық» матчы Петропавлдан елордаға ауыстырылды.