Жағажайлардың басым бөлігі талапқа сай емес - Владимир Беккер

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда ресми тіркелген 607 жағажай бар. Оның тек 107-сі ғана коммуналдық меншікте, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы ВладимирБеккердің айтуынша, елімізде 50 мыңнан астам суға шомылып, балық аулайтын аумақбар. Солардың негізінде 607 ресми жағажай жасақталған.

«607 ресмижағажайдың тек 107-сі ғана коммуналдық мешікте. Қалғаны жеке меншіктің иелігінде. Ал төтеншежағдай қызметінің құтқарушылары 607 жағажайдың тек 27-сін ғана бақылайды. 113стихиялы жағажайда 53 құтқару постарыорнатылды. Оның әрқайсысында 2-3 құтқарушы, бір қайық бар. Жыл басынан бері 880құтқару жасақшыларын тегін дайындадық. Солардан жеке меншіктегі жағажайлар аумағында 335құтқару жасағы құрылды», - дейді комитет төрағасы.

Осығанқарамастан суға кеткендер саны былтырғыдан асып түскен. Владимир Беккер шомылумаусымы басталғалы бері 154 адамның ажалы судан болғанын айтады.

«Шомылумаусымы басталған күннен бері 154 адам суға кетті. Оның 58-і бала. 2018 жылы бұл кезеңде 148 адам суға кеткенболатын. Биыл суға кеткен 14 балаата-аанасының қарауынсыз қалған. Соның салдарынан олардың ажалы арық пенелеусіз көлшіктен келген. Мені бәрінен бұрын осы алаңдатады», - деді ол.

Айта кетсек,Владимир Беккер арнайы брифингте өткен сенбі мен жексенбіде 22 адамның суғанкеткенін айтқан болатын. Сондай-ақ, еліміздің төрт облысында орман өртініңжоғары класы туындап тұр.


Соңғы жаңалықтар