«Жағдай тұрақты, дегенмен күн бұлттанып, жел соғып тұр. Барлық техника мен күш-құралдар өртпен күреске жұмылдырылған. Қазір 10 тікұшақ жұмыс істеп жатыр. Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігінен көмекке қосымша күш тартылды. Өрт жағдайы тұрақтанды десек болады, дегенмен сөндіру керек өрт ошақтары бар. Ормандағы өрт жоғары жақтағы және төмен жақтағы болып бөлінеді. Қазір жоғары жақта өрт тыйылды, ал төменгі жақта жалын әлі күшінде. Жалпы жағдайды әуеден бақылау мониторингі жалын шарпыған аумақтар азайғанын көрсетіп отыр», - деді Нұрболат Дербісов Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Абай облысындағы ірі табиғи өртті жою шаралары талқы өрттің аумағы 60 мың гектардан асып кетті, жалын үш бағытта тарап жатқаны айтылды.
Сонымен қатар мамандар аптап ыстық пен жел Абай облысындағы өртті сөндіруге кедергі жасап жатқанын мәлімдеген еді.