Polisia.kz-тің хабарлауынша, тәртіп сақшылары жүргізушілерді жолда мұқият болуға шақырып қана қоймай, оларға жылы сөздер жазылған арнайы карточкалар ұсынған. Полиция қызметкерлерінің мұндай түсіндіру жұмыстары жергілікті тұрғындарды таңғалдырды.
– Бірлескен күш-жігермен ғана біз жол қозғалысының барлық қатысушысы үшін жолдарымызды қауіпсіз ете аламыз. Кішкентай қателіктің өзі қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Әрбір жүргізуші мен жаяу жүргінші жолдың әрдайым қауіп-қатермен байланысты екенін түсініп, мұқият әрі жауапты болуы қажет, - деді полицияда.