«Жақсы адамдарым» Шахановқа арналды - Jibek Joly

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Jibek joly» телеарнасындағы «Жақсы адамдарым» бағдарламасы қазақтың ақиық ақыны Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Мұхтар Шаханов - 1942 жылы 2 шілдеде қазіргі Түркістан облысында дүниеге келген. Ол - Мәскеу төрінде 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының шындығын талап етіп, ешкімнен қаймықпай сөз сөйлеген ұлт жанашыры. Қазақ тілі үшін шырылдап жүрген тіл жанашыры. Парламент Мәжілісінде депутат, Қырғыз елінде елші болған мемлекет және қоғам қайраткері.

Ұзақ жылдар бойы «Жалын» журналын басқарды. Оның өлеңдерін кез келген буын жатқа оқиды. Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовпен бірге жазған «ұйықтап жатқан жүректі оятар» әсем әндері де ел аузында. Мемлекет басшысы ақынды Ұлытаудағы алғашқы Ұлттық құрылтайда Қазақстанның Еңбек Ері атағымен марапаттады.

Бүгін сағат ... қазақ әдебиетіне, ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан алып ақын туралы мазмұнды бағдарламаны жіберіп алмаңыздар.


Видеодан алынған кадр