«Жалған террористтің» әлеуметтік портретіне келетін болсам, жалған террористік ақпарат таратын барлық қылмыстың 88 пайызын жұмыссыздар, тек 9 пайызын жұмыс істейтін азаматтар жасаған. Ал 3 пайызын – оқушылар», - деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында брифинг барысында.
Оның дерегінше, «әзілқойлардың» орташа жасы – 30 бен 49 жас арасын құрайды.
«Олар жыл сайын осы санаттағы қылмыстың 55 пайызын жасаған. Бірақ, қаскөйлердің арасында 18 бен 29 жас аралығында жастар да кездеседі. Олар 27 пайызды құрайды», - деді Дархан Разуев.