Жалған ветеринарлық құжат жасағандарға қылмыстық жауапкершілік енгізілмек

Фото: Нелли Нигматулина/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин жалған ветеринарлық құжат жасағандарға қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылғанын айтты.

— Ветеринарияға қатысты заң жобасын даярлап жатырмыз және бұл құжат келер жылы Парламентте талқыланады. Оның аясында айыппұл санкциясы күшейтілмек. Бұл саладағы заңсыз әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу де пысықталып жатыр. Мәселен, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өтпеген етті сатуға тыйым салынған. Алайда, адамдар 3 АЕК сомасындағы айыппұлдан қорықпайды, яғни осыдан басқа санкция қарастырылмаған. Сондықтан жауапкершілікті күшейту керек, себебі осы мәселе халықтың азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты, — деді А. Бердалин Сенатта ветеринариялық қызмет тақырыбын талқылауға арналған Үкімет сағатынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл тұрғыда ол жақында елдегі базарлардың бірінде мал етіне қолдан жасалған мөрді басу дерегі анықталғанын айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, вице-министр «ветеринария» мамандығындағы студенттердің стипендиясы көтеру тақырыбы пысықталып жатқанын айтты