АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана уақытымен 15:08-де Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі Тәжікстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді.
Жерасты дүмпуінің күші:
Құлан ауылында – 3 балл,
Меркі ауылында – 2 балл.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін ШҚО-да және Алматыдан 1 162 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелген болатын.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.