ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысының полицейлері екі жарым ай бұрын із-түзсіз жоғалған жамбылдық азаматты отбасымен қауыштырды.
Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері қала орталығында тоқтатқан ер адамның жеке басын анықтайтын құжаты жоқ екендігі анықталды.
— Полиция қызметкерлері азаматты тұрақты мекенжайы мен құжаттары жоқ адамдарды қабылдау-тарату орнына орналастырды. Одан кейін дереу жақын туыстарын іздеуге кірісті. Тексеру барысында аталған азаматтың екі жарым ай бұрын Жамбыл облысы, Қордай ауданында із-түзсіз жоғалғаны белгілі болды. Бұл жөнінде аудандық полиция бөліміне хабарлама келіп түскен. Ер адам үйінен шығып, қайта оралмаған. Қызылордалық полицейлер жоғалған азаматтың отбасымен қауышуына жағдай жасады, — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, қызылордалық полицейлер есірткі өсіретін фитозертхана жұмысын тоқтатты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.