Қызылордалық полицейлер есірткі өсіретін фитозертхана жұмысын тоқтатты

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында полиция есірткі өсіретін фитозертхананың жұмысын тоқтатты.

есірткі зертханасы
Фото: ҰҚК

ҚР Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісі прокуратураның үйлестіруімен Қызылорда облысында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 40 жастағы ер адамды ұстады. 

- Cырдария ауданының тұрғыны өзінің үйінде аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтаған. Қарасора өсірумен айналысып, кейін оны таратуды көздеген. Тінту барысында ыдыстарға отырғызылған 86 түп қарасора, есірткі затын өсіруге арналған жабдықтар, сондай-ақ екі дана пластикалық ыдысқа салынған кептірілген марихуана тәркіленді. Ол жалпы 2,7 келі кептірілген марихуана және 10 келі қарасора өсімдігі анықталды. Күдікті ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Қызылордада көпқабатты үйдің балконынан ер адам секіріп кетті

Соңғы жаңалықтар