Жалпы осы кезеңде өңірдің 1 374 тұрғынына алғаш рет мүгедектік белгіленген. Оның үштен біріне жуығын балалар құрайды.
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті көрсеткіштің өсуін, ең алдымен, психикалық аурулардың салдарымен байланыстырады. Тағы бір себеп ретінде медициналық-әлеуметтік сараптаманы проактивті жүргізудің арқасында мүгедектікті анықтау деңгейінің жақсаруы аталды.
Қазір облыста 45 918 мүгедектігі бар адам тұрады, оның 7 мыңға жуығы – балалар. Мүгедектік себептерінің жалпы құрылымында қатерлі ісіктер бірінші орында тұр – олардың үлесіне жағдайлардың 32%-ы тиесілі. Тағы 23,8%-ы қан айналымы жүйесі ауруларымен байланысты.
Ішінара оңалту көрсеткіші 10,8%-ды құрады. Ал мүгедектіктің неғұрлым ауыр тобы белгіленген жағдайлардың үлесі 6,7%-ға жетті. Сарапшылар мүгедектік тобының ауырлауына негізінен инсульт, инфаркт және онкологиялық аурулардың тез өршуі себеп болатынын атап өтті.
Айта кетейік, Түркістан облысында аутизммен ауыратын балалар көбейген.