Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі сатумен айналысқан топ ұсталды

Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдау және сатумен айналысқан топ ұсталды, деп хабарлайды Kazinform ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Фото: ҰҚК

"ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдау, сатумен айналысты деген күдікті топ қатысушылары әрекетінің жолын кесті.

2023 жылы қазанда Қордай, Меркі және Шу аудандарында 36 кг гашиш және 12 кг марихуана сатпақ болған кезінде Қазақстанның 3 азаматы ұсталды" делінген хабарламада.

Фото: ҰҚК

Қазір Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Фото: ҰҚК

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.