Жамбыл облысында екі азаматтан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді

ТАРАЗ. KAZINFORM – ҰҚК баспасөз қызметі Жамбыл облысында екі азаматтан аса ірі көлемде есірткі тәркіленгенін мәлімдеді.

Фото: ҰҚК

Дерекке қарағанда, осы жылдың қазанында ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні аса ірі көлемде тасымалдады және сатты деген күдікпен екі есірткі тобының әрекетінің жолын кесті.

Фото: ҰҚК

«Өңірдегі Т.Рысқұлов және Меркі аудандарында 14 кг-дан астам гашиш пен 42 кг марихуананы сатуға әрекеттенген екі Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды», — деп нақтылады ведомстводан.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.