Жамбыл облысында құны 187 млн темекіні заңсыз әкелгендер анықталды

Фото: Фото: ҚР ҰҚК

АСТАНА. KAZINFORM – Осы жылдың 5 ақпанында Жамбыл облысы Қарасу елді мекенінде ҰҚК шекара жасағы темекінің ірі партиясын (535 мыңнан астам қорап) тасымалдау әрекетінің жолын кесті.

Темекі бұйымдары көрші елден Қазақстанға ілеспе құжаттарысыз жеткізіліп тұрған. 

Фото: ҚР ҰҚК

Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауардың құны 187 млн теңгеден асады. Әрі қарай қаралуы үшін жүк тиісті органға берілді.

Айта кетейік, 15 қаңтарда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті экономикалық тергеп-тексеру, полиция және мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп темекінің ірі партиясын елге заңсыз әкелудің жолын кесті.