12:37, 17 Қаңтар 2025 | GMT +5
Құны – 50 млн: Шекарадан темекінің ірі партиясын заңсыз алып өтпек болғандар анықталды
АСТАНА. KAZINFORM – 15 қаңтарда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті экономикалық тергеп-тексеру, полиция және мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп темекінің ірі партиясын елге заңсыз әкелудің жолын кесті.

Ілеспе құжаттарсыз 170 мың қорап көлемінде темекі өнімдерін электртехникалық бұйымдары есебінен Мемлекеттік шекарадан алып өтпек болған.
Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген тауардың құны 50 млн теңгеден асады.
Ұсталған жүк әрі қарай қаралуы үшін тиісті органға берілді.

Қазақстанға заңсыз темекі өнімдері қай елдерден келетінін жазған болатынбыз.
Қазақстан темекі контрабандасы салдарынан жыл сайын 32 млрд теңге жоғалтады.