Ведомство мәліметінше, ТЖД қызметкерлері қардан 42 автокөлікті, оның ішінде 7 жүк көлігін және 35 жеңіл автокөлікті шығарды.
— Барлық жүргізуші мен жолаушылар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ және өз бағыттары бойынша жолдарын жалғастырды. Жолдың жабық бөлігінің алдында айтарлықтай көп көлік жиналып қалған: 350 жүк көлігі және 110 жеңіл автокөлік. Олар Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейінгі аралықта, сондай-ақ Қордай ауылы маңында шоғырланған, — делінген хабарламада.
ТЖМ ауа райы нашарлаған кезеңде ұзақ жолға шықпауға және құтқарушылардың нұсқауларын сақтауға шақырады.
Бұдан бұрын Абай облысында 13 жеңіл және 25 жүк көлігі жолда қалып қойғанын жаздық.