Жамбыл облысында мемлекеттік қызметкерлерге 735 мың теңгеден астам айыппұл салынды

АСТАНА. KAZINFORM — Жамбыл облысында биылғы жылдың алғашқы алты айында соттар ақшалай өндіріп алу шарасын жеті рет қолданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен үш есеге аз. Бұл туралы Kazinform агенттігінің тілшісі хабарлады.

Фото: ЖИ

Ақшалай өндіріп алу шаралары әкімшілік рәсімдердің сақталуы мен сот талаптарының орындалуына жауапты мекеме басшыларына, мемлекеттік қызметшілерге және жеке сот орындаушыларына қатысты қолданылған.

Мәселен, соттың мәліметінше, мұндай шаралардың бірі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының Шу аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысына қатысты қабылданған.

Жеті өндіріп алу шарасының жалпы сомасы 735 250 теңге болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмен көрсеткіш. 2025 жылдың осы кезеңінде әкімшілік соттар 20 осындай ұйғарым шығарып, жалпы 1 612 120 теңге көлемінде ақшалай өндіріп алу шарасын қолданған. Осылайша, биыл қабылданған шаралардың саны да, жалпы сомасы да екі еседен астам қысқарған.

Бұдан бөлек, соттар мемлекеттік органдар мен сот орындаушыларының атына 33 жеке ұйғарым шығарды. Облыстық соттың түсіндіруінше, бұл шаралардың мақсаты – сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету және әкімшілік органдардың жұмысындағы заңбұзушылықтарды жою.

Еске сала кетейік, бұған дейін Прокуратура Жамбыл облысында жетім балаларға төлем, киім-кешек және жолдама берілмегенін анықтаған еді.