ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, техникалық құралдарды қолдану барысында көліктің жасырын бөліктерінен күдікті зат салынған 36 қап табылған. Қаптардың бір бөлігінде «999» таңбасы болған.
- Жүргізілген сараптама нәтижесінде тәркіленген заттардың жалпы салмағы 30 келіден асатыны және олардың есірткі екені анықталды. Атап айтқанда, 0,999 келі героин, 3,620 келі апиын және 25,949 келі гашиш тәркіленді, - делінген ақпаратта.
Аталған дерек бойынша шетелдік азамат ұсталып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кетейік, Талдықорғанда синтетикалық есірткі сақтаған Ақтөбе облысының тұрғыны ұсталды.