— Тергеу барысында ер азамат жалған жарияланымды тек материалдық пайда табу мақсатында жариялағанын мойындады. Алаяқтық және көрінеу жалған ақпарат тарату фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды, — делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, осы жылдың ақпан айында ол анонимді түрде жариялаған жазбасында әскери қызмет кезінде өзіне жыныстық зорлық-зомбылық жасалғанын ойдан шығарып, өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып, шетелге кету үшін қаржылай көмек сұраған. Жазбаға ақша аударуға арналған банк реквизиттерін де қоса көрсеткен.
Әлеуметтік желіні пайдаланушылардың бірінің шағымынан кейін жүргізілген тексеру барысында жарияланған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды. Сондай-ақ сотталған азаматтың ешқашан әскери қызмет өтемегені белгілі болды. Ақша жинау үшін ол мән-жайды білмейтін 17 жастағы танысының банк шотын пайдаланған. Екі күннің ішінде бұл шотқа 15-тен астам ақша аударымы түскен.
Тергеп-тексеру барысында күдікті жалған ақпаратты тек ақша табу мақсатында жариялағанын мойындады.
Полиция азаматтарға әлеуметтік желілердегі тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге және бейтаныс адамдарға ақша аудармауға кеңес береді.
Бұған дейін Жамбылда 25 мың теңге үшін TikTok-та алаяқтық жасаған әйел 2,5 жылға сотталғанын жазғанбыз.