Жамбыл облысында ЖИ қатерлі ісікті ерте анықтауға көмектеседі

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Биыл Жамбыл облысында 4,1 млрд теңгеге 5 медициналық нысан салынып жатыр, оның үшеуі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. 

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, 11 қалалық медициналық мекеме 1,5 млрд теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Оның 7-уі пайдалануға берілді.

6 млрд теңгеге МРТ, КТ, маммограф секілді 32 медициналық жабдық алынған. Бұл ерте диагностиканың, жедел жәрдем жұмысының сапасын мен ауылдық жерлерде медициналық қызмет қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

— Нәтижесінде, денсаулық сақтау инфрақұрылымының тозу деңгейі 42%-ға дейін төмендеп, медициналық жабдықпен жарақтандыру деңгейі 92%-ға жетті. Өңірде ТМД елдерінде аналогы жоқ жасанды интеллектті пайдаланатын бірегей жоба іске асырылды. Онда 22 медициналық мекеме бірыңғай радиологиялық ақпараттық жүйеге біріктірілген. Бұл дәрігерлерге және сүт безі қатерлі ісігін ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді және 2264 адам тексеруден өтті, — деді обылс әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен бірге, жедел церебральді қан айналымы бұзылыстарын, ишемиялық инсульттің диагностикалауға, зақымдану көлемін бағалауға дәрігерлерге көмектесу үшін «Серебро» жасанды интеллект жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

5252 медицина қызметкері (562 дәрігер, 4690 орта медицина қызметкері) оқудан және біліктілігін арттырудан өтті, оның ішінде 12 дәрігер шетелдік клиникаларда тағылымдамадан өткен.

Бұған дейін әкім облыста 6 жасар бала өлімінен кейін бас дәрігер жұмысынан босатылғанын айтқан еді.

Жыл соңына дейін 24 ауылдық елді мекен және Тараз, Шу, қалаларының 9 тұрғын алқабы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.