АСТАНА. KAZINFORM - Жамбыл облысының Қордай ауданында жолдың жабық учаскесінде бірнеше көлік қарда тұрып қалды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
- Құтқарушылар вахтовка автокөлігімен 4 жеңіл және 2 жүк көлігін тазартылған жолға тартып шығарды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, -делінген хабарламада.
Осыған дейін күнің бұзылуына байланысты бірнеше өңірде жол жабылғанын хабарладық.
«Қазгидромет» көктайғақ, тұман, жел болатынын ескертті.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.