Өртті сөндіру жұмыстары екпінді жел мен қою түтінге байланысты қиындады. Өртті сөндіруге ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар, «Ауыл құтқарушылары» еріктілері, орман шаруашылығының мамандары, газ құбыры саласының қызметкерлері және ТЖМ ТМҚП медициналық қызметкерлерінен 70-ке жуық адам мен 26 бірлік техникасы жұмылдырылды.
— Қайта тұтанудың алдын алу үшін қалдықтар қабат ашылып, су себіліп, топырақпен жабылды. Жалпы нысанға 950 текше метр инертті материал жеткізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өрт толығымен сөндіріліп, оның одан әрі таралуына жол берілмеді, — делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ.
Айта кетейік, 14 тамызда Қазақстанда бір күнде 10 орман өрті тіркелді.